
Кеше Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс орталығында Қалалық мәдени және демалыс паркінде мерекелік шаралар өтті.
Салтанатты кешке ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында сөз алған Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы құқықтық сана қалыптастырудағы полиция қызметкерлерінің еңбегін атап өтіп, тәртіп сақшыларына мерекелік лебізін жеткізді. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері еліміздің тыныштығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қалтқысыз еңбек етуде. Қылмыстың алдын алуда уақытпен санаспай, қатерге қарсы жүріп қызмет ететін сақшыларға қашан да қоғамның алғысы ерекше.

Ел қорғандары болған тәртіп сақшыларына және олардың отбасыларына құт - береке, зор денсаулық, амандық тілеймін!» - деді Арыстанғани Расылханұлы.
Мерекелік шара барысында концерттік бағдарламамен қатар театрландырылған қойылымдар, ән мен би көпшіліктің назарына ұсынылды. Жиналған көрермендердің көңіл-күйі жылы әрі шырайлы болды. Өнерпаздар тәуелсіз елдің рух беретін, патриоттық сезімді оятатын әндерін шырқады. Тәртіп сақшыларымен ұйымдастырылған шараны тамашалауға келген қонақтар мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі