
2 ОРМБЖМ - де Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын-футболдан турнир аяқталды.
Биыл төртінші мəрте ұйымдастырылған жарысқа 10 команда, 200-дей спортшы қатысты.
Нəтижесінде «КазТрансГаз» командасы турнир жеңімпазы атанса, «Петро Қазақстан» екінші, облыс əкімдігінің командалары үшінші орындарды еншіледі.
«Үздік қақпашы» - Əсет Өскенбаев (Облыс əкімдігі), «Үздік қорғаушы» - Уалихан Дүйсенбі (ІІД), «Үздік шабуылшы» - Ғалымжан Мұханбетжан (Торғай Петролеум), «Үздік ойыншы» - Еркін Тобашев (Петро Қазақстан) марапатталды.