Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиға орнынан редакцияның WhatsApp-нөміріне суреттер мен видеолар жолдап жатыр.
"Бүгін, 9.20-да өртсөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды", - деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілдері.