Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Облыс əкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік жəне ведомство қызметкерлері арасында 25-ші спартакиада өтті.
Жарысқа 26 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметкер спорттың 9 түрінен сынға түсіп, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.
Нəтижесінде жалпы командалық есепте 1-топта шекара отряды 2019 əскери бөлімінің командасы 1-орынды жеңіп алса, облыстық полиция департаменті екінші, төтенше жағдайлар департаменті үшінші орындарды иеленді.
2-топ бойынша мемлекеттік кірістер департаменті спартакиада жеңімпазы атанды. 2-орынды облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы, 3-орынды жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының командалары еншіледі.
Сондай-ақ, "Үздік спорттық ұйым" номинациясына облыстық статистика департаменті ие болды.
Спартакиадаға белсенді қатысқаны жəне бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық спорт басқармасының алғыс хатымен барлық командалар марапатталды. 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 маусым 2019 г. 525 0