Қазалыда 6 гектар аумаққа сексеуіл көшеттері отырғызылды

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 6 гектар аумаққа сексеуіл көшеттері отырғызылды.
Аталған шаруаны «Намыс-Құрылыс» ЖШС қолға алып, аудандық бюджеттен бөлінген тиісті қаржыға сәйкес Әйтеке би кентінің бас қақпасының айналасына, айналма жолдағы көпір аумағына және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автотрассасының екі жақ беткейіне абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Серіктестік жұмысшылары аумағы 6 гектар жерді арнайы материалдармен қоршап, 1200 дана сексеуіл көшеттерін екті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 маусым 2019 г. 585 0