Қызылорда облысында түйе сүтінен балмұздақ өндіріліп жатыр

Сыр бойындағы ағайын түйе сүтінен балмұздақ өндіріп жатыр. Дәмі тіл үйірген бұл десертті шығаруды Шиелі ауданының кәсіпкері Сабыр Ермаханов қолға алған, деп хабарлады "24 Хабар".
Осыдан 3 жыл бұрын ашылған бұл өндіріс орны әуелде тәулігіне 400 литр шұбат шығаратын. Биыл мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен цехты кеңейтіп, күніне өндірілетін өнім көлемі 2 тоннаға жетті. Мұнда негізінен сиыр және түйе сүтінен құрт, сүзбе, ірімшік,айран, шұбат, иогурт секілді 8 түрлі сүт өнімі дайындалады.
Сабыр Ермаханов, кәсіпкер:
- 2016 жылы бізде ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылып, бастапқы кезде 10 мүше болды, қазіргі кзде 35 мүшеміз бар. 80 адам жұмыс істеп жатыр, 750 түйе бағып жатырмыз, 485 сиыр, 150 жылқы бар. Таза өнім болғандықтан сұраныс көбейіп жатыр, сондықтан да біз малдың санын көбейтіп, өнімді де ұлғайтып жатырмыз жылдан жылға.
Жаңа сүт өнімдерінің қатарында түйе сүтінен жасалатын балмұздақ та бар. Тәулігіне 7 түрлі балмұздақтың мың данасы жасалады.
Дүйсенбекова, технолог:
- 6 проценттік балаларға арналған балмұздақ шығардық. Оның пайдасы өте зор. Бұл тек салқындатып қана қоймайды, ол өте тойымды яғни бір жеген адамға тойымдылық қасиет береді. Оған қазіргі таңда сұраныс ұлғайып жатыр, түйе сүтінің мороженое арнайы.
Алайда Шиелі ауданы үшін қазіргі өнім көлемі аздық етеді. Облыстағы кәсіпкерлік палатасына балмұздақ өндірісінің қуаттылығын арттыру бойынша бизнес-жоспар ұсынылды. Алдағы уақытта жоба мақұлданса, аймақтың барлық ауданына қолжетімді болмақ дейді цех технологы Баян Дүйсенбекова.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2019 г. 618 0