Сөйлеу мәдениеті мен технологиясы бойынша семинар-тренинг өтті

Бүгін Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмебебап ғылыми кітапханасында семинар-тренинг өтті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы " Дін мәселелерін зерттеу орталығы" ұйымдастырды.
Семинар-тренингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті А.Айтбаева, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Мемлекеттік басқару» кафедрасының доценті, PhD доктор К.Абенова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы» тақырыбындағы семинар-тренингке мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, психологтар, теологтар және БАҚ өкілдері қатысты. Спикерлер арнайы тақырыптар бойынша баяндама оқып, шара соңында қатысушылармен пікір алмасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2019 г. 671 0