Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдері артығымен өндірілді

Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдері артығымен өндірілдіҮстіміздегі жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 453,1 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 125,8 пайызды шамалады. 
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәменнің айтуынша, мал шаруашылығында барлық мал басы түрінен өсім бар. Атап айтқанда, меншіктің барлық нысандары бойынша 15526 бас ірі қара мал, оның ішінде 7399 бас сиыр, 20778 бас қой мен ешкі, 2970 бас жылқы, 1290 бас түйе, 13247 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 100,0 пайызды, сиыр 100,9 пайызды, қой мен ешкі басы 107,7 пайызды, жылқы 101,2 пайызды, түйе 111,1 пайызды құрады.
Есепті мерзімде 768,2 тонна ет (тірідей салмақпен), 1772,5 тонна сүт, 121,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 138,7 пайызды, сүт өндіру 106,5 пайызды құрады.
2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында қала аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалықтарына 200 бас мүйізді ірі қара малдарын және 10 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар алу межеленсе, қазіргі таңда 5 шаруа қожалықтары 111 бас аналық сиыр және 16 бас бұқа малдары алынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2014 г. 816 0