«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының фронт офис мамандары «Ым-ишара тілінде сөйлеу негіздері» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарын тәмамдады. Шараға аудандық, қалалық фронт офис мамандары мен басқарма қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты – ым-ишара сөйлеуді пайдаланудағы ептілік пен дағдыларды дамыту болып табылады.