
Иіркөл ауылдық округінде "Жастар ауылға" ұранымен еңбек оқыту лагері өтті.
Лагер мақсаты белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, ел жандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыруға бағытталған.Бұл жолғы лагердің ерекшелігі жастар егістік басында қос тікті.
Биыл Қармақшы ауданында "Бизнес Періште" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі мақсаты - үлкен бизнес өкілдерінің кәсіп ашуға ниетті жастарға консультациялық, ресурстық көмек көрсетету және кеңес беру.
«Жаңатұрмыс» ШҚ-на қарасты Иіркөл ауылдық округінің аумағынан 5 гектар егін шаруашылығына қолайлы жерге түрлі дәнді-дақылдар мен көкөніс өнімдерін егемін деуші жұмыссыздарға жағдай жасалды.
Егістік алқабында 7 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылуда. Егістік алқаптың жыртылып қарықталуы, суарылуы «Дәуіт» ШҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылады.
Егістік алқабындағы барлық ұйымдастыру жұмыстары аудандық жастар ресурстық орталығының жауапкершілігінде болады.
Күздегі өнімдерді нарықта сұранысқа сай болуын және сатылымдар мен жәрмеңкелер ұйымдастыру аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.
«Жақаев Ізбасарлары» осы аталған «Бизнес - Періште» пилоттық жобасының қатысушыларына көмек көрсетті.