Тұрғынның пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарылды

Атырауда коммуналдық қызметтер жергілікті тұрғынның пәтерінен үш КамАЗ қоқыс шығарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әйелдің пәтеріндегі қоқыс 20 жыл бойы жиналған. Әйел ешқайда жұмыс істемейді, жалғыз тұрады, күнкөріске жұмсар қаражаты мүлде жоқ. Екі жыл бұрын көршілері үйде егеуқұйрықтар көбейе бастағанын аңғарған. Зиянкестер мекен еткен орын 60 жастағы азаматшаның пәтері болып шықты», - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 маусым 2019 г. 587 0