Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
17 маусым күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел алдымен оңтүстіктен, артынша 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғады.
17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
17 маусым күні Ақмола облысында найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
17 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2019 г. 326 0