Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап. 
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2019 г. 529 0