« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өткен жыл соңында «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу мәселелері» бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол биылғы жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енді. Қызылорда қалалық әкімдігінде жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен өткен семинарда Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары М.Егембердиев пен департаменттің аудит бөлімінің басшысы М.Өмірбаева аталған заңдағы өзгерістер жөнінде түсініктемелер берді.
Мамандар атап өткендей, заңдағы түзетулер мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Соның ішінде демпингті қолдану, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, веб-порталға ақы төлеуді енгізу, бір көзден сатып алуды қысқарту және тағы басқа бөліктерді қамтиды.
Мәселен, бір көзден сатып алудың шекті сомасы 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін (252 500 теңгеден 1 262 500 мың теңгеге дейін) өсіп отыр. Ауыл әкімдіктерінің бюджеті шеңберінде осы шек 3 мың айлық есептік көрсеткішке (7 575 000 теңге) дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алу рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл норма негізінен бюджеті шағын тапсырыс берушілерге (бала-бақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, интернаттар, қарттар үйлері) қатысты екені және оның 2021 жылға дейін қолданылатыны атап өтілді. Ол ауыл әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша тәжірибелерін қалыптастыру үшін енгізілді. Бұған қоса, баға ұсыныстарын сұрату кезінде тапсырыс берушілерге тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық берілді. Бұл сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алу кезінде 1000 АЕК-ке (2525000 теңге) дейінгі сатып алуда тапсырыс берушілер тауарлардың фирмалық атауларын көрсете алады. Бұл сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыруға көмектеседі.
Заңға сәйкес, ықтимал жеткізушіге «қаржылық тұрақтылық» деп аталатын жаңа біліктілік талабы қойылады. Ол төлеген салықтар, айналымдық және негізгі қаражаттың болуы және еңбекақы төлеу қоры арқылы анықталады. Сонымен бірге, жаңа қабылданған заңда «кәсіби шағымданушылардың» жолын кесу де көзделген. Яғни, сатып алу ниеті жоқ, тек қана өтінімдерді өзара қарау шеңберінде басқа қатысушылардың ақпаратына қол жеткізетін жағдайды болдырмау үшін басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салынады, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауға қатыспаған тауар жеткізушілердің арыз-шағымы қаралмайды.
Семинарда сондай-ақ камералдық бақылаудың мақсаты – бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеу екендігі айтылды. Яғни, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |