« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектепті 1999 жылы бітірген түлектер туған жерге тарту жасады. Ауылға кіреберіс қақпа орнатып, ауыл ажарын айшықтай түсті.
– Биыл – мектеп бітіргенімізге 20 жыл. Осы уақыт ішінде ер жеттік, есейдік, әрбіріміз өз орнымызды таптық. Аяққа тұрған соң «Туған жерге қандай пайдам тиді?» деген сұрақ қойдық өзімізге. Нәтижесі міне. Әрбіріміздің кіндік қанымыз тамған қасиетті мекенге осылай қол ұшын созып, өркендеуіне үлес қосуымыз – перзенттік парыз. Бізден кейінгі жастарға да осы бастама дәстүрге айналатынына сенеміз, – дейді Жеңісбек Ермаханов.
Теңіз тамшыдан құралады. Кіреберіс қақпаны салу үшін түлектер өзара ұйымдасып, ортадан қаржы шығарған. Бұл ауылдың басқа да жастарына үлгі болды. Әрбір жылы мерейлі дата иелері осындай игі істерді туып-өскен ауылына арнамақ.
Дәулет ҚЫРДАН.
Сырдария ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |