
Денсаулық сақтау басқармасы ойын алаңында көз жұмған балаға қатысты түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Хабар жеткеннен бастап арнайы көмек бригадасы оқиға орнына 11 минут ішінде жеткен. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Қабылданған шараларға қарамастан 2012 жылы туған қыз баланың биологиялық өлімі тіркелді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.
Басқарма мәліметінше, бала ауыр созылмалы дертімен тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұрған. Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандының сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында жазатайым оқиға орын алған. Әткеншектен құлаған 7 жасар бала көз жұмды.