
Махачкала портында танкер жарылып, 3 адам мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Үш адамның денесі табылды, олар матростар», - деді оқиға куәгері.
Бортта барлығы 12 адам болды. Ресейдің теңіз және өзен флотының өкілдері оқиға орнында төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері жұмыс істеп жатқандығын хабарлады. Танкердің адамдар тұратын бөлігі өртенген. Оңтүстік тергеу бөлімінің мәліметінше, оқиғаның салдарынан 3 адам зардап шеккен. Қазіргі таңда оқиғаны тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, машина бөлімінде жарылыс болып, артынан ол өртке ұласқан. Дагестанның денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен үш азаматтың республикалық ауруханаға жеткізілгендігін хабарлады. Екі адам күйік бөліміне жіберілсе, екіншісі жарақат бөліміне жөнелтілген. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Оның денесінің 95 пайызын күйік шалған.
Зардап шеккендердің бірі Тамбов облысының 38 жастағы тұрғыны, екіншісі Астрахань облысынан, жасы 30-да. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыстың мұнай шығару кезінде болғандығын хабарлады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 04-48-де Махачкала теңіз-сауда портында танкерден мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде машина бөлімінен газды ауаның жарылуы туралы хабарланған.