Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өткен шахматтан Азия чемпионатынан жерлестеріміз 4 жүлдемен оралды. Он күнге созылған жарысқа 15 мемлекеттен 6-12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты.
Швейцар жүйесі бойынша классикадан 10 жасқа дейін қыздар арасында Назерке Нұрғали 9 ойыннан 6,5 ұпаймен және 12 жасқа дейін Әсел Серікбай блицтен 7 ойыннан 5,5 ұпай жинап күміс жүлдені иеленді. Ал 6 жасқа дейін ұлдар арасында Алдияр Аңсат классика мен блицтен де 7 ойыннан 5,5 ұпаймен екінші орынды иеленді. Спортшылардың алдағы жоспары бойынша қыркүйек айында Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында болатын әлем чемпионатына қатысу мақсаты тұр.