Қызылордада тергеу изоляторында отырған әйел босанды

Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді.
Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған.
Әйел 10 маусым күні облыстық Ана мен бала орталығында ай-күні жетіп, босанып, қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл жас босанған ананың жанұясындағы екінші перзенті. Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі бірінші кезекте қажетті заттармен, тиісті азық-түлігін қамтамасыз етуде. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі баланың құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда.
Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2019 г. 447 0