Қазалыда «Сыбаға» бағдарламасы артығымен орындалды

Қазалыда «Сыбаға» бағдарламасы артығымен орындалды2011 жылдан бастап елімізде ірі қара малдың ет өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту жөнінде кең ауқымды жаңа жоба «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
«Сыбаға» бұл – етті бағыттағы ірі қараны және тауарлық табынды дамыту, оның генетикалық әлеуетін және өнім сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама.
Аудандық баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3 жылда және осы жылдың 5 айында бағдарлама бойынша 939 бас аналық сиыр сатып алынды. Жоспарланған 44 пайызға артығымен орындалды Оған қоса 80 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Барлығы 27 шаруа қожалығы 169,3 млн теңге несие алды, Сондай-ақ, жергілікті шаруалар өз қаржысы есебінен 2013 жылы 232 бас аналық сиыр алып келді. Биылғы жылға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы барлығы 24,5 млн теңге несиеге 110 бас аналық сиыр, 6 бас асыл тұқымды бұқа, және шаруа қожалықтарының өз қаржысы есебінен 5 бас, барлығы 11 бас асыл тұқымды бұқа жеткізілді. Сонымен қатар,  Әйтеке би кентінен «Құрманбай», Қазалы қаласынан «Қуаныш», «Қарашеңгел» ауылдық округінен «Өркен» шаруа қожалығы 6,0 млн теңге несие алып, малдарын енді сатып алады. Ал Майдакөл ауылдық округінен Азамат-1 шаруа қожалығы 8,5 млн теңгеге құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда қаржыландыру кезегін күтуде.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2014 г. 847 0