
Алдағы уақытта Қазақстанның бұқаралық ақпарат өкілдері туралы заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстанның БАҚ өкілдері Мемлекет басшысынан журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдау мәселесін көтерген еді.
«Бұл өте өзекті мәселе. Бұл мәселені жақсылап тұрып қарауымыз керек. Егер болатын болса, мен Үкіметке тиісті тапсырманы беремін. Келешекте журналистердің мәртебесі туралы, егер қажет болатын болса, тиісті заң қабылдаймыз. Не болмаса мен өзім Президент ретінде шешім қабылдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.