Қайсар ақынға пәтер берілді

Қайсар ақынға пәтер берілдіКеше, 1 шілдеде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тағдырдың жазуына қарамастан қайсарлық көрсетіп келе жатқан сырдариялық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымды қабылдады. 
Мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан Н.Әбілқасым бірнеше жыр жинақтың авторы атанған. Талантты жанға аймақ басшысы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Тағдырымның жанары» деп аталып, 2010 жылы жарық көрді. Нұрмұхаммед 2011 жылы өткен республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Самғау» сыйлығының иегері, 2012 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендианты, 2012 жылы халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты.
– Тепсе темір үзетін талай жандар бос жүр. Ал сенің мына еңбегін нағыз ерлікпен пара-пар. Он екі мүшеңнің түгел еместігіне қарамастан өмір сүруге құлшынысың жоғары.  Жыр жинақтарыңды арнайы оқып шықтым. Адамға жігер береді. Шығармашылығың шындала берсін, – деді аймақ басшысы.
  – Өмір күрестен тұрады. Жығылмайтын адам жоқ. Бірақ, сәл қиыншылыққа мойынсұнбау қажет. Менде қолдан келгенді жасап, қоғамға өз пайдамды тигізу үшін тырмысып жүрмін. Көрсетіп жатқан құрметтеріңізге алғысым шексіз, - деді Н.Әбілқасым.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2014 г. 729 0