Кеше, 1 шілдеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» турнирінде қола жүлде иеленген Руслан Әбдіразақовқа 2 бөлмелі, тұңғыш «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұлға 3 бөлмелі үйдің пәтердің кілтін табыс етті.
– Әр спорт жарысының өзіндік орны бар. Соның ішінде, төл спортымыз – қазақ күресінің әрбір қазақ үшін орны ерекше. Ел намысын қорғап жүрген саңлақтарымызға қолдау көрсетуіміз керек, – деді облыс әкімі.
Төртінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Руслан Әбдіразақов үздік үштіктен көрінді. Оның ағасы Ұлан Рысқұл тұңғыш ұйымдастырылған додада топ жарған болатын. Қос спортшыға алдағы сайыстарда сәтті өнер көрсетуге тілестестігін білдірген аймақ басшысы, салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті.
– Негізі дайындығым жақсы болды. Өз-өзіме жеңістің биік тұғырынан көрінуге уәде бергем. Бірақ сәл сәттілік жетіспеді. Келер жылы бас жүлде иелену үшін барымды саламын, – деді Руслан Әбдіразақов. Р.Әбдіразақов журналистерге берген сұхбатында алда әлем чемпионатына дайындалып жатқанын айтты.