Ардагерлермен кездесті

Арал аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары "Ардагерлер - ардағым" атты кездесу кешін ұйымдастырды. 
Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері полиция полковнигі Б.Сүлейменов, полиция подполковниктері Б.Бердалиев пен Н.Жұмашов қатысты. Кеш барысында ардагерлердің сара жолы насихатталып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жайы қозғалды. Өз кезегінде ардагерлер жас ұрпаққа өз ақыл–кеңесін беріп,  қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2019 г. 457 0