Ашық есік күні өтті

 Жуырда  «Нұр Отан» партиясы  Шиелі аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязовтың төрағалығымен  қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарының қатысуымен ашық есік күні өтті.

Басқосу барысында аталған сала мамандары сотталғандарға өзінің жеке ісін бастау үшін жеңілдетілген несие алу жолдары, жұмысқа орналасу және жеке басын анықтау құжатын қалпына келтіру туралы түсіндірді. Есепте тұрған және сотталған азаматтар өз қажеттіліктеріне қарай жұмысқа тұру, үй алу жайлы сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Ашық есік күнінің мақсаты - түзеу мекемелерінен шығып келген және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қатысушылар тарапынан сотталғандарға өз құзыреттері шегінде құқықтық кеңес беру. Бүгінгі таңда аудандық пробация қызметіне   82 сотталған азамат тіркелген. Олардың ішінде, шартты сотталғаны – 15,  бас бостандығы шектелгені –52, белгілі бір қызметті атқару құқығынан айрылғаны – 13, қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 2 азамат.

Шиелі аудандық пробация қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2019 г. 409 0