Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді

Танымал спортшы Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі телеграм арқылы хабарлады.   
Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда,  суға секіру бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Мадридте дауыс берді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда барлығы 7 кандидат Мемлекет басшысы лауазымына сайлану үшін өзара бақ сынасуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2019 г. 617 0