Ащы судың буына еліткен кейбір азаматтар соның әлегімен жақын-жуықтарына оғаш мінез көрсетіп жатады. Кейде бірге туған бауырларына ауыр сөздер айтып, азаматтар тыныштығын бұзатындар бар.
Мәселен, Қазалы ауданының тұрғыны Р.К. спирттік ішімдің ішкен күйінде туған қарындасының үйіне барып, былапыт сөздер айтықан. Осылайша отбасы-тұрмыстық қарым қатынастағы азаматтардың тыныштығын бұзған. Аудан тұрғыны Б.О. мас күйінде туған қарындасына былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық танытқан.
Қазалы аудандық сотының судьясы Н.Р.Аманбаеваның айтуынша, екеуі де Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық жасаған. Нәзік жандыларға құрмет көрсете алмаған азаматтар аудандық соттан әділ жазасын алды.