
Қызылорда облысында сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін 366 аумақтық сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Ал, Қызылорда қаласында бүгінгі саяси науқанға 197 785 сайлаушы қатысуы керек.
Қазіргі таңда, Нұрсұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-де Қызылорда қаласымен сағат 9.00-де облыстың 490 898 сайлаушысынан 54 491 адам яғни 11,1 пайызы дауыс берді.
Өңірдегі сайлаудың барысын байқау үшін облысқа 2 ұзақ мерзімдік және 13 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері облыс орталығы, аудан мен қалалардағы және ауылдағы учаскелерді аралап, сайлау барысын байқап жүр.