« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев өткен жылғы “Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін өңірлерге тарату керектігін баса айтқан болатын. Осы орайда, аймақта “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Жергілікті салалардағы кемшіліктер мен атқарылуға тиіс жұмыстарды сараптауды қолға алған жобалық кеңсенің бүгінгі тыныс тіршілігі туралы БАҚ өкілдерімен болған басқосуда облыс әкімінің орынбасары, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің кураторы Руслан Рүстемов баяндап берді. Жиын ашық әңгіме форматында өтті.
– Жобалық кеңсенің жұмысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығымен бірлесіп атқарылуда. Бүгінде жоба аясында халықпен тығыз байланыс жасалатын 10 сала белгіленіп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейіне қоғамдық бақылау жасаудың кестесі бекітілді. Қазір “бір ай – бір сала” қағидаты бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда, – деді кеңсе кураторы Р.Рүстемов.
Ашылғанына аз уақыт болса да жобалық кеңсе медицина саласы мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, бірқатар кемшіліктерді анықтаған.
– Медицина ұйымдарына жүргізген мониторинг барысында 50-ге жуық күмәнді №086/У медициналық анықтамасының берілгендігі, жалған мөрі бар санитарлық кітапша әзірлеудің бір фактісі анықталып, құжаттар Ұлттық бюро департаментіне жолданды. Сондай-ақ, медициналық квота беру мәселесіне де зерделеу жұмыстары жасалып, біршама кедергілер жойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға байланысты да мәселе бар, – деді “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов.
Жалпы жоба аясында қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы тікелей байланысты болдырмау үшін халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшірілуде. Мәселен, педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Сырдария ауданы мен Қызылорда қалалық білім бөлімдері базасында “jumys.sitcen.kz” электронды жүйе қолданысқа енгізілді. Бұл қызметкерді жұмысқа қабылдауды электронды түрде ашық, әрі әділ түрде жүргізуге мүмкіндік беретін көрінеді. Жүйе арқылы салынған бос жұмыс орындарының мәліметі мен конкурс нәтижесі enbek.kz сайтында жарияланып отырады. Жүйенің тағы бір ерекшелігі жаңа вакансия жарияланады, өтініштер қабылданып, жұмыс іздеушілердің деңгейі тест арқылы тексеріліп, конкурсттық комиссия негізінде әңгімелесу енгізіледі. Әңгімелесу кезеңінде қазылар мүшесін де жүйе таңдайды, жұмыс сұраушының ұялы телефонына әңгімелесу өтетін орын мен уақыты хабарлама арқылы жібереді. Ең бастысы барлық кезеңнен өткен соң жеңімпазды да осы жүйе анықтайтын болады.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің тең кураторы Абзал Мұхимов пилоттық жоба аудандарда да жүзеге асатынын, бүгінгі күні түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, жобалық кеңсенің мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ашықтықты қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталған “Open space” форматына көшкендігін сөз етті.
Айта кетейік, жемқорлыққа қарсы қандайда бір жағдай не ұсыныс-пікір, сұрақтар туындаса кеңсеге тікелей келіп не желідегі парақшаларына жазып қалдыруға болады.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |