Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» ММ-нің құтқарушылары және «Арал ұландары» лагерінің ұжымымен бірлесіп, Қамыстыбас көлінің жағасында балалар арасындағы сайысты «Су патшасы – Сүлеймен» мерекесін өткізді.
Аталмыш шара барысында балалар демалыс лагерлерінде демалушы оқушыларға адам өміріне қауіпті жағдайда дер кезінде көмек көрсете білу, судағы кауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында үгіт-насихат жүргізілді.
Оның мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздік қағидаларын сақтауы, судағы оқыс оқиғалардың алдын алу, суға батып бара жатқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу. «Өткізілген іс-шараға жазғы демалу-сауықтыру лагерлеріндегі 180 оқушы қатысты» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.