Қазалы ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың іс-шара жоспарына сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы өзектендіріліп, қайта әзірленуде.
Бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3481 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8120 ға жетіп отыр. Ал, тіркелген бизнес субъектілерінің ішінде жас кәсіпкерлердің үлесі 12,2 пайызды (423 адам) құрайды.