Шиеліде субұрқағы ашылды

Кеше Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылында жарықтандырылған субұрқағының салтанатты ашылуы болып өтті.
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған субұрқағын Телекөл ауылдық округінің тумасы, №214 орта мектеп түлегі, «Олжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жұматов Талғат Тасболатұлының демеушілігімен, жобалық құны 6 млн теңгеге салынды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, журналист-заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ауыл тумасы Шиелі ауданының құрметті азаматы Ағайдар Ысымұлы, аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық, қатысып, субұрқағының лентасын қиып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтады.
Елді мекендегі ауыл ардагерлері мен ауыл үлкендері ауыл тұрғындары атынан алғыстарын білдірді. Ауылымыздың күн сайын жаңарып, гүлденуі бәріміз үшін зор қуаныш.
Ауылға ерекше сән беретін субұрқағы аудан көлеміндегі ең алғашқы «Сыйлық-субұрқағы» болып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 558 0