
Кеше Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен аудандағы «Ақтерек» тынығу лагерінің бірінші маусымы салтанатты түрде ашылды.
- Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына

көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Ашылу салтанатында жиылған жұртшылық, лагерь тынығушылары аудандық әуез мектебі өнерпаздарының өнерлерін, бүлдіршіндердің қойылымдарын тамашалап, түрлі ойындар ойнады.
Айта кету керек, былтырғы жазғы маусымда «Ақтерек» лагерінде 5 ауысымда 402 оқушы қамтылса, биылғы жылы 6 ауысымда 482 баланы қамтылады.

Сондай-ақ, ауданымызда оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылы 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392-і, яғни 84,9% қамтылады деп жоспарлануда.