Вице-министр Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, мұның алдында Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын. Алайда шенеунік не үшін күдікке ілінгенін әзірге айтылған жоқ.
Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2019 г. 566 0