Көктемгі егіс – күзгі ырыс

Сыр салысының даңқы соңғы бес жылда  қайта жаңғырып, жаңа деңгейге көтерілді. 
Жуырда Қызылорда  облысы бәсекеге қабілетті 4 тауар бойынша әлемнің үздік 5 экспорттаушысы қaтарына енді. Әлем нарығын жаулаған 4 өнімнің бірі осы күріш болып отыр. Бұл ретте, ұсақталған күріш экспорты бойынша облыс әлемде І орын алып, жаһандық бәсекелестік басымдыққа ие. Яғни дақыл бүгінде әлем нарығы тауар өндірушілерімен бәсекелесетін дәрежеге жетіп, өзінің бәсін жоғарылатып тұр. 
Қазіргі таңда Сырдың ақ маржаны дүниежүзінің бірнеше елдеріне экспортталады. Олардың қатарында Ресей,  Тәжікстан, Украина т.б. алыс-жақын шет елдер бар. Кезінде 66 Еңбек Ері де осы Сыр салысымен даңқы шыққаны белгілі. Дала төсін дүбірге бөлеген Еңбек ерлерінің жолын диқаншылар қауымы жалғасытырап келеді.  
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл облыс бойынша 178,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,5 мың, майлы дақылдар 7,2 мың, мал азықтық дақылдар 60,7 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,2 мың гектар болып отыр. Негізгі дақыл – күрiш көлемі 85,8 мың гектар. «Маржан», «Янтарь», «Лидер», «Фаворит», «Новатор», секілді танымал сорттармен қатар «Каз Ер-6», «АйКерім», «Сыр Сұлуы» сорттары алқаптың ажарын кіргізе түседі.
Дала жұмысына қажетті минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер де толық алынып, техникалар жөндеуден өтті. Аймақтағы ауылшаруашылық құрылымдарына «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 3 млрд теңгеге 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жоспарланса, бүгінгі күні  74 дана техника сатып алынды. Ал, егіс жұмыстарына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оны жеткізіп беруші мекемелер ауыл шаруашылығы құрылымдарына әр литрін 174 теңгеден таратуда. Кестеге сай берілуге тиіс дизель отыны толық таратылып отыр.
Мамандардың айтуынша, су шаруашылығы нысандарын дайындау жұмыстары да өз деңгейінде жүргізіліп, бүгінгі күні каналдар арқылы барлығы 533,0 текше метр су алынуда.
Жалпы  қазір 83 496 гектар (97,3%) жерге күріш тұқымы себілсе, оның 77 528 гектары (90,4%) суға бастырылған. Жер-анадан ырзық несібесін терген Сыр диқаншылары биыл да жоғары межені көздеуде.
Айта кету керек, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғы¬лыми-зерттеу институтының ға¬лымдары соңғы жылдары кү¬ріш¬тің жаңа, жергілікті жерге бейімделген, жоғары өнімді «Сыр Сұлуы» және «АйКерім» сорттарын шығаруды қолға алды. Аталған сорттар алдымен  «Мағжан и К», «Таң», «Агротехнология», «Ер Әлі» секілді шаруашылықтарда да өндірістік сынақтан өтіп, егіле бастады. Тұздылық пен төмен температураға төзімді  «Сыр Сұлуы» сорты – 105-110 күнде ерте пісетін сорттарға жатады. Дәндері ірі болып келетін бұл сортты Қа-зақ¬станның күріш өсіретін бар¬лық аймақтарында егуге болады.
 «АйКерім» де орташа мерзімде пісетін жоғары өнімді сорттың бірі. Бұл сортты ғалымдар  негізінен, орта¬лық және оңтүстік  аймақтарда өсірген тиімді екенін айтады. Себебі, бұл өңірлердің ауа райы күріштің өсуіне, бейімделуіне қолайлы.
Сондықтан жергілікті селекцияның «Сыр Сұлуы» және «АйКерім» сорттарын ауа райының қолайсыз жағдайлары мен топырақ ерекшеліктеріне қарамастан, облы¬стың күріш өсіретін шаруа-шылықтарында егіп, мол және сапалы өнім алуға толық мүмкіндік бар көрінеді.
 Жалпы Сыр маржаны елдің ырысы мен берекесіне айналған брендтік өнім. Дәл осы қарқынмен жүрер болсақ алдағы уақытта  Сыр салысының бағасы артып, бәсі бұдан да биіктей түсетіні анық.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 443 0