Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғады

  Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты іс қозғады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz/ .

       "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймын", - деді МҚІСҚА ресми өкілі.

      Агенттік өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді. Ұсталған вице-министрдің атын әзірге атаған жоқ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 670 0