Жас келсе, іске

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары қызметіне Құрмаш Асқар Шалқарұлы тағайындалды.

Асқар Шалқарұлы 1996 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Отбасылы, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Білім жоғары.

Еңбек жолы:
2014-2018 жж. – «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор-тележүргізуші. Тікелей эфирдегі «Жаңалықтар», «Жаңа күн», «Өзекжарды» бағдарламаларының редакторы әрі жүргізушісі.
2014-2017 жж. – Қызылорда облыстық кәсіподақтар комитетіне қарасты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы.
2015-2016 жж. – Қызылорда облыстық филармониясының конферансьесі.
2017-2019 жж. – «Кәсіподақ келешегі» қоғамдық қорының директоры.
2016-2019 жж. – «Б-Асқар» ЖШС директоры, әрі құрылтайшысы.
2017-2019 жж. – «BSG» ЖШС бас директоры.

Қосымша ақпарат:
Асқар Шалқарұлы велоспорттан ҚР екі дүркін чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан табысталған марапаттар:
• ҚР Білім және Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П.Шерден (Алғыс) – 2012 жыл.
• ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Президенті Ә.Құсайыновтан (Алғыс) – 2014 жыл.
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтан (Алғыс) – 2014 жыл.
• ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департамент басшысы М.С.Қарымсақовтан (Грамота) – 2015 жыл.
• «Нұр Отан» Партиясы Қызылорда облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.С.Байқадамовтан (Алғыс) – 2015 жыл.
• Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтен (Алғыс) – 2016 жыл.
• Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қ.Бисеновтен (Алғыс хат) – 2015, 2017 ж.ж.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 942 0