Әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Әйелдерді тонаумен айналысқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам түнгі 22:00 мен 01:00 арасында әйел адамдардың қолындағы сөмкелері мен телефондарын тартып алып, қашып кетіп отырған. Бір ғана Бостандық ауданында оның 3 эпизодқа қатысы бары анықталды.
«Әдетте әйелдер еңгезердей ер адамды қуып жете алмай қалады, әрі қуып жетсе де ешқандай шара қолдана алмайды. Мұндай сәтте құрбан болған адамдарға қылмыскердің түр-әлпетін танып алған жөн. Полицияға бұл ақпарат көп мағлұмат береді», - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының бөлім бастығы Еркін Амантаев.
Полицияның хабарлауынша, күдікті мұның алдында да ұрлықпен ұсталып, істі болған.
«Суреттегі адамнан жапа шеккен адам болса, 298-52-84; 298-52-81 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - дейді полковник Еркін Амантаев.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 348 0