Құтқарушылар су астын қоқыстан тазартты

 «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары суға шомылу маусымы қарсаңында «Арай» қалалық жағажайында су асты тексерістерін жүргізді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы.
Арай жағажайы – Қызылорда қаласының ең танымал демалыс орындарының бірі, сондықтан жағажайдағы су астын құтқарушылар демалушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайын қоқыстардан тазартады. Осы жылы «Нұрназар» ЖШС басшысының хатына сәйкес  29-30 мамыр аралығында құтқарушылар Арай жағажайында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында су астынан сынған әйнектерді, тастарды, ыдыстарды және тұрмыстық қоқыстарды шығарып, тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар 28-і мамырдан бастап Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары Арай жағажайының 20 қызметкеріне суға кетіп бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін соның ішінде суға кетіп бара жатқан адамды судан жағаға алып шығу тәсілдерін, құтқару шеңберін және александр ұшы арнайы құралдарын суға кетіп бара жатқан адамға лақтыру тәсілдерін, сонымен қатар суға батқан адамға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету атап айтқанда зардап шегушіге іс жүзінде жасанды тыныс беру және сыртқы жүрек массаждарын жасау тақырыптары бойынша теориялық және практикалық сабақтарын жүргізуде.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 479 0