17 жасар қостанайлық үшем туды

Балаларды қорғау күні  Қостанай облыстық ауруханасының бірінші бөлімшесінде 17 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Жас ана Ирина Лысак  бірден екі қыз және ұл баланы өмірге әкелді.Сәбилердің салмағы, тиісінше 1470, 1548 және 2180 келі. Бұған дейін Ирина Лисаков қаласынан Қостанайға шұғыл түрде жіберілген болатын. Енді немерелерін үйінде әжелері мен әкесі күтіп отыр.
"Бастапқыда мұндай жаңалыққа таңғалдым. Қобалжу да болды. Әсіресе, Лисаков қаласынан облыс орталығына шұғыл жіберілгенде жұбайымның және балалардың денсаулығына алаңдағаным рас",- дейді үшемнің әкесі Вячеслав Лысак.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, жаңа туған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты.
"Сәбилер анасымен арнайы палатада жатыр. Ана сүтімен қоректенеді. Анасы кәсіби техникалық училищеде аспаз мамандығында оқиды",-деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 423 0