Музыка әлемінде

Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Музыка әлемі» атты концерт өтті. Концертте Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Классикалық кеште ҚР Мәдениет саласының үздігі Күлдәрі Ізбанова мен респуб­ликалық конкурстардың лауреаты Руслан Балмасовтың дирижерлігімен оркестр орындауындағы Құрманғазының «Адайы», Сүгірдің «Мың жылқысы» мен Әлшекейдің «Терісқақпайы» көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ, музыка майталмандары Джоаккино Россини, Сардар Фараджев, Латиф Хамиди секілді танымал шетел композиторларының да шығармаларын орындады. Бұған қоса, Әлия Жаналиева скрипкада халық әндерінен құралған попурри орындап, өнерсүйер қауымның ерекше ықыласына бөленді.


Айғаным ҚҰРМАШЕВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 3-курс студенті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 маусым 2019 г. 453 0