« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Шынында, бала – көңілдің гүлі, өмірдің – нұры. Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін сәт.
Жадыраған жаздың алғашқы күнін балалар асыға күтеді. Себебі, жазғы демалыспен қатар келетін ең әсерлі, ең керемет мерекеде бүкіл әлем оларды өз құшағына алғандай. Барлық базарлық та, ыстық ықылас пен қамқорлық та, тәттілерге толы сыйлықтар да бұл күні кішкентайларға арналады.
Балаларды қорғау күніне орай қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кішкентай тұрғындарды төл мерекелерімен құттықтады.
– Сіздер – біздің болашағымыз, бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанатысыздар. Біз үшін бұл өмірде сіздердің балғын жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыласымен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ, – деп қала басшысы жылы лебізін білдірді.
Қазіргі таңда қаламызда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 240 балабақша жұмыс жасауда. Қалада балабақша кезегінде тұрған 21 мыңға жуық 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің барлығы 100 процент балабақшамен қамтылған. Елімізде ақпараттық қоғамның қалыптасуына орай, қаламыздағы «Алтын ұя», «Алпамыс», «Бегім Ана» балабақшаларында тағы бір жаңаша бастама қолға алынып, жас робототехника кабинеттері ашылды. Сонымен қатар, «2016-2020 жылдарда Қызылорда қаласының аумағын дамыту» бағдарламасы аясында 46 инклюзивті топ та ұйымдастырылды.
Қаламыздың кішкентай тұрғындарының құрметіне орай, саябақтағы барлық аттракциондар мен қоғамдық көлік тегін қызмет ұсынды. Әдемі мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Балғындарға 1000 дана балмұздақ пен тәтті сусын таратылды.
Сонымен қатар, балғындар мерекесіне орай «Сыр мейірімі» қоғамдық қоры мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қайырымдылық шарасын өткізді. Оған әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Мереке аясында қор директоры Сапура Әбдірахимова балапандарды құттықтап, бүгінгі күні елімізде ана мен балаға ерекше қамқорлық жасалып жатқанын тілге тиек етті. Мұндай қайырымдылық шарасын жасау дәстүрге айналғанын айта келе, демеушілік көрсеткен компания басшыларына алғысын білдірді. Демеушілер тарапынан кішкентайларға қаржылай көмек берілді.
«Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін. Сәулелі ақыл – алысқа жетелейді, биіктерді бағындырады» дегендей, көзіміздің нұры болған балапандарымыз тек бір күндік мерекеде емес, әркез жақындарының жылуына бөленіп, үлкендердің қамқорлығын сезініп жүре берсін демекпіз.
Мерекелік көңіл күй аудандарда өз жалғасын тапты.
Айсәуле Қарапаева.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |