
Жосалы кентінің орталығындағы жазғы демалыс саябағы жұмысын бастады, деп хабарлады Қармақшы ауданының баспасөз қызметі.
«Нұрлы болашақ» тақырыбында бүлдіршіндердің арнайы дайындалған шарасы өтті.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Сұлтан Мақашов бүлдіршіндер мен балаларға бүгінгі таңда жазғы мезгілде бос

уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалып жатқандығын айтып, мерекемен барша жиналған көпшілікті құттықтады.
Саябақты жас кәсіпкер Салтанат сенімді басқаруына алып, ауданның көркейуіне өз үлесін қосам деуші кәсіпкерлердің басын қосты.
Демалыс саябағында «Көше кітапханасы» бұрышы бар. Көше кітапханасының ерекшеліге оқырман билетінсіз кітапты алып оқиды,алған кітабыныздың орнына өзіңіз оқып болған үйдегі кітабыңызды өзге оқырмандарға оқуға әкеліп салып кетуіңізге болады.Көше кітапханасын ертегі кейіпкерлері ашты.Ертегі кейіпкерлері балаларға керемет мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл күні жазғы демалыс саябағында аттракциондарға отырғызу тегін ұйымдастырылып, тәтті балмұздақтар тегін таратылды.