ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Департамент басшысы А.Мұхимовтың төрағалығымен өткен отырыста, алғашқы болып, «Білім саласында автоматтандырылатын «Тегін тасымалдауды ұсыну, лагерьлерге жолдама беру, мектептердегі тегін тамақтандыруды ұсыну және білім беру ұйымдарында құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру және олардың композитті қызмет ретінде көрсетілу әзірлігін талқылау және проблемалық мәселелері» туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердаулетов баяндама жасады.
Бұл ретте, Б.Бердаулетов ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап балаларды мектепке 1 сыныпқа қабылдау толық электрондық форматта жүргізілетіндігін атап өтті.
Келесі кезекте, денсаулық сақтау саласында «Жасырын сатып алушы» тәсілімен жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері туралы Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Департамент қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп «Жасырын сатып алушы» тәсілімен қалалық №1, 3, 4, 5, 6 қалалық емханаларда «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімі, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы, Қызылорда облыстық наркология орталығына «Жүргізуші куәліктерін алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарына тоқталды.