Шиелі ауданы, «Көкшоқы» мөлтек ауданында «Спорттық-сауықтыру» кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудан басшысы Әшім Оразбекұлы осынау бой көтеретін нысанның келешекте аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізетініне сенім білдіреді деп атап өтті.
«Спорттық-сауықтыру» кешенінің жалпы құны 462 млн. теңге. Спорттық нысан жеке кәсіпкер Болат Примбетовтың жеке қаражаты есебінен бой көтеретін болады.