Қызылордада спорттық жарыстар өтті

Қызылорда облысының Полиция Департаменті мен «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 1 маусым -  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Динамо – Қазақстан балаларына» республикалық акциясы аясында 2006-2007 жылдары туылған балалар мен жасөспірімдерден құралған мектеп командалары арасында  шағын футбол, арқан тартудан, жарыстар өткізді.
Аталған жарыс «Динамо» спорт кешенінің  жасанды спорт алаңында ұйымдастырылды.
Жарысқа 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдерден құралған №7 мектеп, №11 мектеп, №12 мектеп, №140 мектеп, № 172 мектеп, №176 мектеп, №235 мектеп және «Динамо»құрама командасы, барлығы 8 команда,  80  жасөспірім  қатысты.
Шағын футболдан өткен жарыс нәтижелері бойынша 3 орынды №11 мектеп командасы, 2 орынды № 7 мектеп, 1 орынды иеленген №176 мектеп командасы.
Шағын футболдан өткен жарыста жақсы ойын өрнегін  көрсеткен жас футболшылар номинациялар бойынша марапатқа ие болды.
«Үздік шабуылшы» номинациясымен №176 мектеп  командасының  ойыншысы Бағланұлы Әли, «Үздік қақпашы» номинациясымен № 172 мектеп командасының ойыншысы Тоқтарбай Диас, «Үздік қорғаушы» номинациясымен  № 4 мектеп командасының ойыншысы Сүндетов Нұржан, «Үздік ойыншы» номинациясымен - №7 мектеп командасының ойыншысы Сұлтанбекұлы Әділет,«Үздік доп соғушы» номинациясымен - №176 мектеп командасының ойыншысы Қанышұлы Еділ арнайы сыйлықтармен және  дипломдармен марапатталды.
Арқан тартудан өткен жарыс нәтижесі бойынша 3 орынды иеленген «Динамо» командасы, 2 орынды №11 мектеп, 1 орынды №176 мектеп командалары иеленді.
Шағын футбол мен арқан тарту жарысында жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар, номинациялар бойынша ойыншылар «Динамо» ДШСҚ ҚБ ҚОФ тағайындаған дипломдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс барысында спорттық іс-шараға қатысушы барлық жасөспірімдерге  балмұздақ, сусындар және тәттілер  таратылды.  


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2019 г. 729 0