Көз мүгедектері сайысқа түсті

Көз мүгедектері сайысқа түстіҚазақ соқырлар қоғамы бірлестігінің Сырдария корпоративтік қорының ұйымдастыруымен көз мүгедектері арасында жарыс өтті. Оның мақсаты - зағип жандардың қоғамдық өмірге жан-жақты араласуына ықпал ету. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа қатысушылар дойбы, шахмат, қол күресі, гір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті. Сондай-ақ көз мүгедектері балалары арасында "Көңілді старт" сайысы да қатар болды. Бұл жарысқа Қызылордадағы "Игілік" корпоративтік қоры демеушілік көрсетті. Көрсетілген сайыстар нәтижесінде дойбыдан С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Айнагүл Есіркепова бірінші орынды, кентке қарасты О.Мәлібаев ауылынан Райс Медетбаев екінші орынды, аудан орталығынан Жандырасыл Мұсағұлов үшінші және сейфуллиндік Рақымжан Бекішев төртінші орындарды жеңіп алды. Ал кент тұрғыны Бақберген Жүрсінбаев қол күрес пен гір тасын көтеру бойынша биіктен көрінді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2014 г. 801 0