Қармақшы ауданында жас суретшілер байқауы өтті

Қармақшы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тапсырысына сәйкес, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің Қазақстаным» атты суретшілер байқауын өткізді.
Байқауға үйден оқитын, арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін, балаларды сауықтыру орталығының және білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балалары қатысты.
Шараға, арнайы Қармақшы ауданы Әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысып, балаларды 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтап, өзінің ыстық лебізін білдірді.
«Менің Қазақстаным» атты суретшілер байқауында жас суретшілер ережеге сәйкес «Менің туған өлкем», «Жас қалам», «Бір шаңырақ астында», «Алақай, жаз келді», «Таңғажайып картина», «Мен өнерлі боламын» тақырыптарында сурет салды.
Ережеге сәйкес көрсетілген тақырыптар бойынша өз ойы мен туындысын сурет арқылы сомдай білген талапкерлердің суреттерін әділ қазылар бағалап, балаларды дипломмен және алғыс хатпен марапаттап жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табыс етілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2019 г. 438 0