Жанашыр тұрғындар көпбалалы анаға үй салып берді

Атырау маңындағы Еркінқала елдімекенінде волонтерлер көпбалалы отбасыға үй салып берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа баспананы Атыраудың жанашыр тұрғындары үш ай ішінде салып бітірді. Бұл үй Мейрамгүл Әмірғалиева мен оның төрт баласына арналған. Үйдің жалпы аумағы - 105 шаршы метр.
«Баспананы жылдың басында - ақпан айында тұрғыза бастадық. Көпбалалы анаға көмек ретінде ақша жинауға тек Атырау өңірі ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының халқы зор үлес қосты. Құрылыс материалдарын алуға жергілікті кәсіпкерлер көмектесті. Үй толығымен отандық құрылыс материалдарынан салынған. Үйдің іші кең, жылы, жарық, барлық инженерлік коммуникация жеткізілген, құжаттары бар. Біз, сонымен қатар, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы да сатып әпердік. Енді тек үйдің айналасын қоршау ғана қалды. Қазіргі таңда ақша жинауды тоқтаттық», - дейді жергілікті кәсіпкер Асхат Бағыт.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2019 г. 737 0