Қызылордада жүк көлігі қаққан екі бала көз жұмды

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде «КаМАЗ» жүк көлігі 4 және 5 жастағы екі қызды қағып кетті. Ауыр жарақаттан бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Аталмыш оқиға кешкі сағат 20.00-дер шамасында болған.
«Қазіргі таңда күдікті ұсталды. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
 Бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмғанын хабарлаған едік.  


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-zhuk-koligi-kakkan-eki-bala-koz-zhumdy_a3532931

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2019 г. 500 0